English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мысырда ғимараттың құлауы салдарынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті
09:55 / 2024-07-03

Мысырдың оңтүстігіндегі Ассиут провинциясында үш қабатты ғимараттың құлауы салдарынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

Провинцияның баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеге сәйкес, тағы алты адам жарақат алған.

Оқиға дүйсенбі күні Шығыс Ассиут ауданында болған. Құтқарушылар соңғы 24 сағат бойы тірі қалғандарды іздеп жатыр.

Провинция губернаторы Эссам Саад оқиға орнына келіп, зардап шеккендердің отбасыларына жедел қаржылық көмек көрсету және зардап шеккендерге барлық қажетті қолдау көрсету үшін тиісті органдармен келісу туралы бұйрық берген.

«Сондай-ақ Э.Саад қираған ғимарат пен оның айналасындағы нысандарды тексеру, оқиғаның себебін анықтау және жақын маңдағы үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау үшін инженерлік комиссия құруды тапсырды», - делінген хабарламада.