Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мысыр мен Сирия басшысы алғаш рет кездесті
15:16 / 2025-03-06

Мысыр Араб Республикасының президенті Абдулфаттах әс-Сиси Каирде Газа секторын қалпына келтіру мәселелерін талқылауға арналған саммит аясында Сирияның жаңа басшысы Ахмад әл-Шарамен алғаш рет кездесті.

«Egypt Today» басылымының хабарлауынша, бұрын «Аль-Каидаға» қатысы бар болған Шара 2024 жылдың желтоқсанында Сирияның бұрынғы президенті Башар әл-Асадты биліктен құлатқан көтерілісшілер тобына жетекшілік еткелі бері араб және Батыс елдерінің басшыларынан қаржылай көмек алуға тырысып келеді.

Сиси – Таяу Шығыста ықпалды саясаткер және АҚШ-тың жақын одақтасы, ол діни радикализмге қарсы күресте қатаң саясат ұстанады.

Парсы шығанағындағы одақтастарынан айырмашылығы, Каир Сириядағы саяси жағдайға сақтықпен қарап келеді.

Мысыр президенті Сиси Шарамен кездесу барысында барлық сириялықтарды қамтитын ауқымды саяси процесті бастауға шақырды.

Сондай-ақ ол Сирия жерінің тұтастығы мен қауіпсіздігіне қатысты пікір білдіріп, Сирия аумағындағы кез келген «шабуылды» айыптайтынын тағы бір мәрте атап өткен.