Мысыр үкіметі Өзбекстанға 35 мың долларлық гепатитке қарсы дәрі жіберді
Мысыр үкіметі Өзбекстан ауруханаларына гуманитарлық көмек ретінде бөлген әлемдегі ең көп таралған дерттің бірі С гепатитіне қарсы «Даклатасвир» препаратының алғашқы партиясы жөнелтілді.
29 сәуірде келген бұл жөнелтілім Өзбекстанның Каирдегі Елшілігі әзірлеген екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын нығайту және вирусология саласындағы өзара қолдауды ұйымдастыру аясында бұрын қол жеткізілген келісімдердің практикалық нәтижесі болып табылады.
Жалпы құны 35 мың АҚШ долларын құрайтын 17 мың қораптан астам «Даклатасвир» препараты Өзбекстан ДСМ жанындағы Вирусология институты науқастарды емдеуге пайдаланады.
Ақпаратта айтылуынша, Өзбекстан мен Мысыр денсаулық сақтау органдары 2023-2024 жылдарға арналған жалпы құны 4,8 миллион долларды құрайтын «Даклатасвир» және «Софосбувир» С гепатитіне қарсы препараттарды республикаға тегін жеткізу туралы келісімге келген.