Мьянмадағы жойқын зілзалада 694 адам қаза тапты
28 наурыз күні Мьянмада орын алған қуатты жер сілкінісі салдарынан кемінде 694 адам қаза тауып, 1670-ке жуық тұрғын түрлі жарақат алғаны хабарланды.
Agence France-Presse агенттігінің хабарлауынша, 7,7 магнитудалы жерасты дүмпулері елдің бірқатар өңірлерінде үлкен қирауларға алып келген. Көптеген тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар мен ауруханалар қираған.
Зілзала эпицентрі Мандалай қаласы маңында тіркелген. Сілкініс Ирравади өзені үстіндегі көпірдің құлауына және Мандалайдағы тарихи сарайдың зақымдануына себеп болған. Көптеген адам ауруханаларға жеткізілді.
Оқиғаға байланысты Сикайн, Мандалай, Пегу, Магуэ, Шарқы Шан штаты және астана Нейпидода төтенше жағдай жарияланды. Мьянма премьер-министрі, генерал Мин Аун Хлайн халықаралық қауымдастықты көмек қолын созуға шақырды.