Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2900 адамға жетті
Мьянмада орын алған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 886 адамға жетті.
«Синьхуа» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тағы 4 639 тұрғын әртүрлі жарақат алған, ал 373 адамның тағдыры әлі белгісіз.
Еске сала кетейік, 28 наурыз күні Мьянмада 7,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркеліп, оның дүмпуі көршілес бес елде де сезілген болатын.
