Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мьянмада төңкерістен кейін «Facebook» бұғатталды
13:55 / 2021-02-04

Мьянмада билікті басып алған әскерилер «Facebook» әлеуметтік желісін бұғаттап тастады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мьянманың 53 миллион халқының жартысы пайдаланатын «Facebook» желісі 7 ақпанға дейін бұғатталған.

«Дәл қазір елдің тұрақтылығына қауіп төндіріп жатқан жандар бар ... Олар «Facebook» арқылы жалған және дұрыс емес хабарламалар тарату арқылы қоғамды адастыруда», - делінген елідң Ақпарат және коммуникация министрлігінің хабарында.

Ал бұл жағдайға «Facebook» өкілі биліктен Мьянмадағы адамдар өздерінің отбасылары және достарымен байланысып, маңызды ақпаратқа қол жеткізе алатындай етіп қайта қосылуға шақырған.

Еске салар болсақ, 1 ақпан күні Мьянмада әскерилер елдегі басқаруды қолға алып, сол күні президент Вин Мин, басқарушы партияның жетекшісі және елдің көшбасшысы Аун Сан Су Чи және көптеген саяси басшылар қамауға алынды. Бұл 63 жыл ішінде елдегі төртінші төңкеріс.