Мьянмада магнитудасы 7,7 баллды жойқын жер сілкінісі тіркелді
Бүгін, 28 наурыз күні Мьянмада магнитудасы 7,7 баллды құрайтын жойқын жер сілкінісі тіркелді. Мьянманың ірі қаласы Янгонда қираған ғимараттар мен адам шығындарын анықтау мақсатында іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.
Жер сілкінісі салдарыТаиланд астанасы Бангкокта да сезілді — қалада салынып жатқан ғимараттардың бірі опырылып түскен. Құлаған құрылым астында кемінде 43 құрылысшы қалып қойғаны хабарлануда. Ел аумағындағы әуежайлар мен метро жұмысы уақытша тоқтатылды.