Мьянма төтенше жағдайды тағы 6 айға ұзартты
Мьянманың Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесі елдегі төтенше жағдай режимін тағы алты айға ұзартты.
Бұл туралы мемлекеттік Мьянма радиосы мен теледидары хабарлады.
Ел астанасы Нейпьидо қаласында өткен кеңес отырысында кеңестің барлық мүшелері төтенше жағдайды ұзартуға келісті, делінген хабарламада.
Төтенше жағдайды ұзарту туралы шешім ел конституциясының 425-бабына сәйкес қабылданған.
Мьянма 2021 жылдың ақпанында бір жылға төтенше жағдай жариялады, содан кейін оны бес рет алты айға осы жылдың 31 шілдесіне дейін ұзартқан еді.