Мұхаммед Салах «Ливерпуль» тарихындағы ең үздік ойыншы атанды
Мысырлық футбол жұлдызы Мұхаммед Салах «Ливерпуль» тарихында қатарынан сегіз маусым бойы 20 немесе одан да көп гол соққан алғашқы ойыншы болды.
30 желтоқсанға қараған түні Салах осы маусымдағы барлық турнирлердегі гол санын 20-ға жеткізді. Ағылшын премьер-лигасының (АПЛ) 19-турында «Ливерпуль» «Вест Хэмді» 5:0 есебімен тас-талқан етті, ал сол голдардың бірін Салах соқты.
Мұхаммед Салах Англия Премьер-лигасының қазіргі маусымында 17 голмен үздік сұрмергендер тізімін бастап тұр. Сонымен қатар, оның еншісінде 13 нәтижелі пас бар.