«Музейлер апталығы» аясында Ташкент мұражайлары тегін қызмет көрсетуде
Өзбекстанда бұл апта «Музейлер апталығы» мәдени шарасы өтуде.
Туризм және мәдени мұра министрлігінің мәліметінше, апталық 2 қыркүйекте басталып, Министрлер Кабинетінің қаулысына сәйкес мұндай шара жыл сайын өткізіліп тұрады.
Осы жағдайға байланысты Өзбекстан азаматтары Ташкент қаласындағы мына мұражайларға кіру тегін:
– Өзбекстанның мемлекеттік өнер мұражайы;
– Абдулла Қадиридің үй- мұражайы;
– Юнус Раджабидің үй-мұражайы;
- Орал Таңсықбаевтың үй- мұражайы;
– Тамара ханымның үй- мұражайы;
- Сергей Есениннің үй- мұражайы.
Айта кетерлігі, апталық барысында өзбекстандықтар музейлерді аралап, Ұлттық музей қорындағы экспонат және коллекциялармен таныса алады.
Министрлер Кабинетінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі қаулысының 8-қосымшасындағы ережеге сәйкес «Музейлер апталығы» іс-шарасын жыл сайын 2-8 қыркүйекте өтеді.