Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мусса Дембеле футболдағы мансабын аяқтады
14:28 / 2022-02-08

Бельгия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Мусса Дембеле футболдағы мансабын аяқтады.

Het Laatste Nieuws порталының дерегінше, 34 жастағы жартылай қорғаушының соңғы клубы Қытайдың «Гуанчжоу Сити» клубы болды. Ол бұл клубта 2019-2021 жылдар аралығында өнер көрсетті.

Ол жасыл алаңдағы мансабында «Жерминале», Виллем II, «AЗ», «Фулхэм» және «Тоттенхэм» клубтарында ойнаған.

2019 жылдың қазан айында Мусса Дембеле Бельгия құрамасынан кеткенін жариялады. Футболшы ұлттық құрамаға алғаш рет 2006 жылы шақырылған. Содан бері ол құрама сапында 82 кездесу өткізіп, 5 гол соққан және 2018 жылы Әлем чемпионатында қола медальға ие болды.

Дереккөз мәліметіне ұқарағанда, Дембеле Бельгияның Антверпен қаласында тұрып, отбасымен көбірек уақыт өткізуді жоспарлап отыр.