Мәскеуде Таулы Қарабақтағы жағдай талқыланбақ
Ресей тарапының бастамасымен дүйсенбі күні Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянның үшжақты кездесуі өтеді.
Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көшбасшылар 2020 жылы 10 қарашада қол қойылған Таулы Қарабах туралы үшжақты келісімді жүзеге асыруды жалғастыру, сондай-ақ аймақтағы проблемаларды одан әрі шешу жолдарын талқылайтын болады.
«Әскери соғыс құрбандарына көмек көрсетуге және сауда-экономикалық байланыстарды ырықтандыруға ерекше назар аударылады», - делінген Кремльдің хабарламасында.