Мәскеуде ішінара жұмылдыру жұмыстары аяқталды
Мәскеуде ішінара жұмылдыру процесі аяқталды, жіберілген шақырулар енді жарамсыз.
РИА Новости дерегінше, бұл туралы Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің хабарлап ішінара жұмылдыру бойынша тапсырмалар толық көлемде орындалғанын айтқан.
Осыған байланысты жұмылдыру пункттері 17 қазан күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 14:00-де жабылады.
Собянин жұмылдыру көптеген мәскеулік отбасылар үшін үлкен сынақ болғанын, бірақ қойылған міндеттерді орындау қала тұрғындарының жауапкершілігі мен патриотизмінің арқасында мүмкін болғанын атап өткен.
Еске салар болсақ, 21 қыркүйекте президент Владимир Путин жарлығымен Ресейде ішінара жұмылдыру туралы жарияланды. Оған әскери қызметте тәжірибесі бар, әскерлер арасында сұранысқа ие әскери есепке алу мамандықтары бар запастағы әскерилер шақырылатыны мәлімдеген еді.