Әмір Темір кесенесіне келуші туристер саны көбейген
Самарқанд өзінің бай тарихи ескерткіштері мен киелі орны жергілікті ғана емес, сонымен қатар шетелдік туристерді де үнемі қызықтырған бағыттардың бірі болып саналады. Қаланың көрікті жерлерінің ішінде ерекше орын алатын орындардың бірі – Әмір Темір кесенесі.
Темуридтер империясының негізін қалаушы, Ұлы қолбасшы Сайыпқыран Әмір Темірдің тарихта өшпестей із қалдырған жетістігі, ол салдырған мәдени ескерткіштер мұрасы бүгінгі таңда әлемдегі кез-келген жан баласының қызығуын арттырары сөзсіз. Ата дәстүрді ұлы қолбасшының ұрпақтары лайықты түрде жалғастырып, Тимуридтер дәуірі тарих бетінде маңызды тақырыптың біріне айналған. Сондықтан болса керек бүгінгі күні де бұл киелі орын туристерге толы.
[gallery-11321]
суреттерді түсірген Алишер ИСРАИЛОВ, ӨзА