Әмір Темір кесенесінде 1941 жылдан бері алғаш рет реставрация жұмыстары басталды.
Мәдени мұра агенттігі хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінің 2022 жылы Самарқанд қаласында өтуіне байланысты Әмір Темір кесенесінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Осыған орай «Әмір Темір» кешенінде күмбез бен қабырғаның алдыңғы бөлігін, галерея еденінің бөліктерін және қасбетін жаңартуға 3 миллиард сум бөлінген.
Бұған дейін бұл кесенеде қалпына келтіру жұмыстары осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын, яғни 1941 жылы жүргізілсе, 1996 жылы ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
6 ғасырлық тарихқа ие қолбасшы сағананы қалпына келтіру жұмыстары Мәдени мұра агенттігінің бақылауында және оған білікті шебер-реставраторлар, каллиграфтар, ғалымдар, инженерлер және басқа да мамандар шақырылған.
Орталық Азия сәулет өнерінің бірегей туындысы ретінде танылған Әмір Темір кесенесі Самарқандтың оңтүстік-батысында орналасқан және 14 ғасырдың аяғында Тимуридтер ханзадасы Мұхаммед Сұлтан салған медресенің жанында қалпына келтірілді. Кесененің құрылысы Әмір Темір тұсында басталып, Мырза Ұлықбек тұсында аяқталған.