ӨР Мемлекеттік қауіпсізідік қызметі шекарадан заңсыз түрде жалпы құны 1 миллион доллардан астам валютаны Қазақстанға алып өтпек болғандарды ұстады.
«Өзбекстан темір жолдары» АҚ тиесілі «Өзбекстан» локомотив депосының екі машинисі «Шұқырсай – Сарағаш» бағытында жүрген жүк пойыздың электровозына 971 050 АҚШ доллары, 47 720 евро және 3 млн 424,5 мың Ресей рубльі мөлшеріндегі валютаны жасырын түрде заңсыз Қазақстан Республикасына өткізбекші болған кезде Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі тарапынан ұсталды.
Электровоз «Келес» теміржол станциясына әкелініп, қайта тексерілгенде, жүргізуші орындығы астына жасырылған қосымша тағы 1050 доллар ақша табылыды.
Осы шетелдік валюталардың ұлттық валютадағы жалпы құны 11 млрд 277 млн 447 мың сумды құрайды.
Алдын ала тергеу барысында аталған валюталарды машинистерге Ташкент облысы Зангіата ауданының азаматы Қазақстан Республикасына заңсыз түрде өткізіп беру үшін оларға 300 АҚШ доллары бергені анықталып, ол операция барысында қолға түсті.
Қазіргі уақытта МҚҚ тергеу басқармасы оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 182-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында осы қаражаттың нақты иелерінің жеке басын анықтау үшін қажетті шараларды қабылдауда.