Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мозамбикте екі жүк көлігі мен автобус соқтығысып, ондаған адам қаза тапты
09:30 / 2021-07-05

Мозамбиктің Мапуту провинциясында екі жүк көлігі және автобустың қатысуымен адам өлімі болды. Апат салдарынан 31 адам құрбан болған.

Радио Мосамбик радиостанциясының хабарлауынша, автобуста барлығы 57 адам болған. Оның 11-і ауыр жарақат алса, 15-і жеңіл және орташа дәрежедегі жарақат алған. Соңғы мәліметтер бойынша, 11 жолаушы ауруханадан шыққан, тағы үшеуі емдеуде.

Сенбі күні кешке болған апатқа жолдағы көрінудің нашарлығы және жылдамдықтың жоғары екені себеп болуы мүмкін делінген хабарда.