Мотоспортшы Марк Перслоу Мэн аралындағы жарыста қаза тапты
Британдық мотоспорт шебері Марк Перслоу Мэн аралында өткен жарыста қайтыс болды. Оқиға әлемдегі ең қауіпті тас жолдардың бірінде болған.
Мэн аралындағы іріктеу жарысында 29 жастағы спортшы жоғары жылдамдықта тізгінге ие бола алмай, трассадан ұшып кеткен. Оқыс оқиға іріктеу кезеңінің үшінші кезеңінде орын алған.
Осыдан кейін Пурслоу ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген, бірақ оны құтқару мүмкін болмаған.
Қайғылы жағдайдан кейін квалификацияның өзі қызыл жалаулармен тоқтатылды.
Марк Перслоу 2015 жылы Мэндегі Гран-при жарысында чемпион атанған еді.
Мэн аралы әлемдегі ең қауіпті жарыс жолдардың бірі болып, мұнда 1907 жылдан бері 250-ден астам адам қаза тапты. Бұл трассада соңғы өлім жағдайы 2007 жылы тіркелген.