English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Молдовадағы төтенше жағдай тағы 60 күнге ұзартылды
09:55 / 2023-03-31

Молдова парламенті үкіметтің өтініші бойынша елдегі төтенше жағдай режимін тағы 60 күнге ұзартты.

Интерфакс мәліметінше, шешім үшін биліктегі Әрекет және ынтымақ партиясының (PAS) 61 депутаты (101 депутат) дауыс берген.

Парламентте оппозицияда жүрген Коммунистер мен социалистер блогы (BCS) бұл мәселені күн тәртібінен алып тастап, «қалыптылыққа, заң аясында жұмыс істеуге» шақырған. Дегенмен билік партиясының депутаттары бұл бастаманы қолдамаған.

Молдовада төтенше жағдай 2022 жылдың 24 ақпанында енгізіліп, кейін ол алты рет 60 күнге және бір рет 45 күнге ұзартылды. Ең кейінгі ретте ақпан айының басында шешім қабылданған болып, төтенше жағдай 5 сәуірде аяқталатын болған еді.