Молдовадағы президенттік сайлауда Майя Санду жеңіске жетті
Молдованың бұрынғы премьер-министрі, оппозициялық «Қозғалыс және ынтымақтастық» партиясының төрағасы Майя Санду 15 қарашада Молдовада өткен президенттік сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жетті.
Сайлау учаскелердегі бюллетеньдердің 99,35 пайызы қайта саналғаннан кейін Майя Санду 57,42 пайыз, ал оның қарсыласы, қазіргі президент Игорь Додон 42,58 пайыз дауыс жиғаны белгілі болды.
Осылайша 48 жасты саясаткер Майя Санду алдағы 4 жылда Молдова президенті болмақ. Ол 4 жыл бұрын қазіргі президент Игорь Додонға 4 пайыздық көрсеткішпен жеңіліс тапқан болатын.
Қазіргі президент Игорь Додонбұл сайлауда жеңілгенін әлі мойындаған жоқ. Ол 16 қарашада елдің жоғарғы басшылығымен өтетін кездесуінен кейін брифинг өткізуге уәде берген. Додонның президенттік мерзімі 23 желтоқсанда аяқталады. Жаңа президенттің инаугурациясы осы күннен кейін өтеді.