Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Молдовада полиция мен шерушілер арасында қақтығыс болды
09:56 / 2023-03-13

12 наурызда Молдова астанасы Кишинев қаласы орталығында полиция мен оппозицияның қоғамдық демонстрациясына қатысушылар арасында қақтығыс болды.

Шеруге шыққандар «Диктатураны тоқтатыңыз» және «Майя Санду [Молдова президенті] билігі отставкаға кетісін» деген ұрандар айтылған. 

Полициямен қысқаша қақтығыстардан кейін наразылық білдірушілер арнайы жасақтың кедергілерін айналып өтіп, парламент ғимаратына, президент резиденциясына және үкіметке барған.

Оппозициялық депутат Вадим Фотеску, Регина Апостолова және саяси күштің вице-президенті Марина Таубер шерушілерді бастап, митинг өткізуге рұқсат беруді талап еткен және құқық қорғау органдарымен келіссөздер жүргізуде.

Молдова полициясы өз сайтында 54 наразылық білдіруші, оның ішінде 21 кәмелетке толмағандар қамауға алынғанын хабарлады.

Полиция дерегінше, олар өздерін күдікті ұстаған және тыйым салынған заттарды алып жүрген. 

2022 жылдың жазынан бері Молдовада жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр, оған қатысушылар Санду мен үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде.