Молдовада мемлекеттік тілдің атауы румын тіліне өзгертілді
Молдова конституциясындағы, заңдары мен құқықтық құжаттарындағы «молдаван тілі» деген сөз «румын тілі» деген сөзбен ауыстырылады.
Сәрсенбі, 23 наурызда Молдова президенті Майя Санду ел конституциясындағы мемлекеттік тілдің атауын «молдован тілінен» «румын тіліне» өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Конституцияда, барлық заңдар мен нормативтік актілерде мәтіндер ауыстырылады. Бұған дейін бұл шешімді Молдова парламенті бекіткен болатын.
Молдова тілінің жеке тіл ме, әлде румын тілінің басқа атауы ма деген пікірталастар ел тәуелсіздік алғаннан бері толастаған жоқ. 2013 жылы Молдованың Конституциялық соты румын тілін елдің мемлекеттік тілі деп таныған. Түзетулер енді Молдова заңнамасын Конституциялық соттың міндетті болған бұл шешіміне сәйкестендіреді.