Молдова ТМД аясындағы кейбір келісімдерден шығады
ТМД аясында қол қойылған келісімдерді саралай келе, Кишинев олардың кейбіреулерінен бас тартпақ.
Молдова үкіметі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) аясында қол қойылған келісімдерді талдап жатыр, содан кейін олар кейбір құжаттардан бас тарту туралы ұсыныстар жасайды, деді президент Майя Санду сәрсенбі, 26 сәуірде Jurnal TV арнасына берген сұхбатында.
Соңғы 30 жылда «жүздеген» келісімге қол қойылды. Жыл сайын құжаттарға қол қойылып келді, олардың көпшілігі қажетсіз болды. Қазір мұның барлығы сарапталып жатыр», - деген ол.
Сонымен бірге, президент Молдованың стратегиялық міндеті еуропалық интеграция екенін еске салды. «Мен Молдова осы онжылдықтың соңына қарай Еуропалық Одаққа мүше бола алатынына сенімдімін», - деді Санду.