Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Молдова коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін енгізді
09:40 / 2021-09-10

Молдовада коронавирустық жағдайдың нашарлауына байланысты 10 қыркүйектен төтенше жағдай режимі енгізілді.

NewsMaker мәліметінше, төтенше жағдай режимі 30 қазанға дейін күшінде болмақ. Осыған байланысты, ересектер үшін бұқаралық іс-шараларға кіруге шектеулер қойылған. 

Сонымен қатар - концертке, түнгі клубтар мен фестивальдерге, оның ішінде ашық ауада болуға, коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын қабылдағаны туралы құжат қажет болады, немесе 72 сағаттан ішінде ауруға қарсы тапсырған теріс тест нәтижесі қажет.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі қосымша шектеулер жақын күндері жарияланатынын мәлімдеген.

Эпидемиялық жағдайға байланысты елдің едәуір бөлігі қызыл аймаққа өткен. Өткен аптада Ковид-19 жұқтырғандар саны 26%-ға өсіп, оның ішінде балалар арасындағы науқастану саны 30%-ға артқан. Жаңа науқастардың 80% -дан астамы вакцина алмаған азаматтарда анықталған.