Молдова Газпромнан газ сатып алудан бас тартты
Молдова бұдан былай ресейлік Газпром компаниясынан газ сатып алмайды.
Бұл туралы Еуроатлантика тұрақтылық форумында сөз сөйлеген республиканың энергетика министрі Виктор Парликов мәлімдеген.
«Біз бұдан былай конституциялық биліктің бақылауындағы аумаққа Газпромнан табиғи газ сатып алмаймыз», - деген ол.
Министрдің айтуынша, республика еуропалық нарықтан газ сатып алу арқылы балама газ көздерін тапқан.
«Сонымен қатар, біз мұны «Газпроммен» келісім-шартта көрсетілген формуладан да арзан бағамен жасай алдық», - деп қосты Парликов.