Молдова ЕО-мен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Молдова Еуропалық Одақпен қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған алғашқы ел болды.
Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Хосеп Боррел республиканың ЕО-мен мұндай құжатқа қол қойған бірінші ел екенін мәлімдеген.
«Бұл ынтымақтастық елдің тұрақтылығын нығайтады. Бұл бізге қауіпсіздіктің ортақ мәселелерін бірлесіп шешуге, қарым-қатынастарымызды тиімдірек етуге және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын зерттеуге мүмкіндік береді», - деген Боррел.
Еуропалық дипломатияның басшысы басқа елдермен «достық елдер желісін» құру, олардың қауіпсіздігін нығайту және киберқауіпсіздік сияқты мәселелер бойынша «тығыз ынтымақтастықты» қамтамасыз ету үшін осындай келісімдер жасалғанын мәлімдеген.