2022 жыл 25 тамызда Сыртқы істер министрінің м.а. Владимир Норов Моңғолияның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (бас кеңсесі Нұр-Сұлтан қаласында) болып тағайындалған Дорж Баярхүүді қабылдады.
Өзбекстан СІМ дерегінше, кездесу Елші В.Норовқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен басталды. Сыртқы саясат басқармасының басшысы Елшіге дипломатиялық қызметінде сәттілік тіледі.
Сұхбат барысында Өзбекстан-Моңғолия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оны дамыту перспективалары талқыланды.
Тараптардың сындарлы саяси диалогты белсендіруге өзара дайындығы атап өтілді. Өзара ынтымақтастықтың құқықтық негізін кеңейту, парламентаралық дипломатияны дамыту және СІМ арасында консультациялар өткізу бойынша ұсыныстар қаралды.
Сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, туризм және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін айтарлықтай әлеует бар екені атап өтілді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде Өзбекстан мен Моңғолия арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары, сондай-ақ 2022 жыл 15-16 қыркүйекте Самарқандта өтетін ШЫҰ-ға мүше елдердің Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына Моңғолия делегациясының қатысуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.