Моңғолияда өзбек күресінен әлем чемпионаты өтеді
Желтоқсан айында Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында жасөспірімдер арасындағы IX әлем чемпионаты және ардагерлер арасындағы III әлем чемпионаты өтеді.
Халықаралық күрес қауымдастығының мәліметінше, осы чемпионатқа қатысатын ұлттық құрамаларды тіркеу мерзімі аяқталды.
Ұйымға түскен өтінімдерге сәйкес, жарысқа 30-дан астам елден 400-ден аса спортшы қатысады.
Әлем чемпионаты аясында Ұлан-Баторда күресті дамыту мақсатында бапкерлер мен төрешілерге арналған семинарлар, қауымдастықтың кеңейтілген отырыстары, түрлі брифингтер мен көрмелер өткізу жоспарланған.
Чемпионат регламентіне сәйкес, жарыстар 2 желтоқсаннан басталады.
Қазіргі уақытта Ұлан-Баторда Халықаралық күрес қауымдастығының жұмыс тобы турнирді жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.