Моңғолияда ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді
Ұлан-Баторда қолайсыз метеорологиялық және жол жағдайларына байланысты Моңғолия аймақтарына қатынайтын көліктердің қозғалысы шектелді.
Бұл туралы сенбі күні елдің Төтенше жағдайлар бас басқармасы хабарлады.
«Бұл шара Ұлан-Баторды Моңғолияның басқа провинцияларымен байланыстыратын жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Шектеулер ауа-райы жақсарғанға дейін күшінде болады», - делінген ресми мәлімдемеде.
Моңғолияның Метеорология және қоршаған ортаны бақылау институтының мәліметінше, сенбі күнгі жағдай бойынша Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда қалың қар жауып, қала жолдарында көлік кептелісі пайда болды.
Боран мен қалың қар Моңғолияның басым бөлігін одан әрі жауады деп күтілуде.