Бүгін, 3 маусымда Ташкент қаласында Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Фуркат Сиддиков пен Моңғолия Сыртқы істер министрінің орынбасары Батсумбер Мунхжиннің келіссөздері өтті.
Тараптар екіжақты байланыстарды кеңейту, Өзбекстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің, әсіресе, Моңғолия нарығына жеміс-жидек пен көкөністің экспортын арттыру мүмкіндіктерін талқыланды.
Сондай-ақ 2022 жылдың қыркүйегінде Самарқандта өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына Моңғолия делегациясының қатысуы мәселесі қаралды.
СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында моңғол тарапы Өзбекстан азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим енгізілгенін хабарлады. Келіссөздердің қорытындысы бойынша келесі құжаттарға қол қойылды:
- Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолия Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2022-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
- Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігі мен Моңғолия Жол және көлікті дамыту министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы хаттама.