Moderna омикрон вакцинасының клиникалық сынақтарын бастайды
Америкалық Moderna компаниясы коронавирустың омикрон штаммына қарсы күшейткіш вакцинаның клиникалық сынақтарының екінші кезеңін бастады.
Компанияның сайтындағы хабарламада: Moderna бүгін омикронға бейімделген күшейткіш вакцинаны зерттеудің 2-кезеңінің бөлігі ретінде бірінші қатысушыға вакцина егілгенін хабарлайды, - делінген.
Бұл кезең ересек еріктілердің екі тобында вакцинаның тиімділігін бағалайды. Клиникалық сынақ аясында жалпы 18 жастан асқан 600 адам қатысуы жоспарланған.