French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Moderna» коронавирустық вакцинасы 100 пайыздық тиімділік көрсетті
09:46 / 2020-12-01

АҚШ-тың «Moderna» компаниясы жасаған mRNA-1273 коронавирустық вакцина сырқаттықтың ауыр түрлерінде 100 пайыз тиімді екендігі дәлелденді. Дәл осы жағдадан кейін компания акцияларының бағасы қымбаттады.

Компанияның сайтында хабарланған мәліметке сай, mRNA-1273 коронавирустық вакцинасы сырқаттықтың ауыр түрлерінде 100 пайыз тиімді екендігі дәлелденді және ол басқа жағдайларда 94,1 пайыздық нәтиже көрсеткен, делінген. 

«Moderna» компаниясының бас директоры Стивен Банселдің айтуынша, компания вакцинаның бір дозасы үшін сатып алушы елдерден 25-тен 37 долларға дейін ақы сұрайды.

Фармацевтика компаниясы вакцинасының тиімділігі дәлелденген соң оның акциялары соңғы биржалық сауда-саттық алаңында 24,06 долларға (17,5 пайыз) өсіп, 151,08 долларға жеткен. «Moderna» акциялар бағасының мұндай күрт өсуі компания АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы мен Еуропалық медициналық агенттікке өзі жасаған вакцинаны қолдануға рұқсат беру туралы өтініш білдіретіндігін жариялағаннан кейін пайда болды.