Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Moderna АҚШ-та 6 жасқа дейінгі балаларға COVID-19-ға қарсы вакцинация жасамақ
09:28 / 2022-04-29

Moderna АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан (FDA) алты жасқа толмаған балаларға COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға рұқсат сұрады.

Associated Press басылымының хабарлауынша, бейсенбі күні Moderna FDA-ға осы жас тобындағы балаларға арналған вакцина туралы деректерді ұсынды. Компания, балаларды екі шағын доза вирустан қорғауды қамтамасыз ете алады деп үміттенеді.

Модернаның бас дәрігері Пол Бертон балаларға арналған дозалар «оларды өте керемет қорғаныспен қамтамасыз етеді» деді. Ол сондай-ақ уақыт өте келе балаларға «күшейткіш» дозалар қажет болуы мүмкін екенін және компания осымен жұмыс істеп жатқанын атап өткен.

Қазіргі уақытта АҚШ-та бес жастан асқан балалар ғана вакцинациялануы мүмкін. Ол үшін Pfizer вакцинасы қолданылады.

Егер FDA Moderna вакцинасын қолдануды мақұлдаса, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) оны кім алуға болатынын шешуі керек: алты жасқа дейінгі барлық балалар немесе тек қауіп тобына жататындар.

Сонымен қатар, Moderna вакцинасы симптоматикалық COVID-19 алдын алуда 40-50 пайыз тиімділік көрсетті. Бертонның айтуынша, бұл тиімділік деңгейі «омикрон» штамының вакцина беретін иммунитетті жартылай айналып өту қабілетіне байланысты.