MNG Airlines Өзбекстанға тұрақты жүк рейстерін орындауға рұқсат алды
Түркияның жүк рейстерін орындауға арналған MNG Airlines әуе компаниясы Өзбекстанға тұрақты жүк тасымалын орындауға рұқсат алды.
Өзбекстан Республикасы мен Түркия Республикасының Үкіметтері арасындағы әуе қатынасы туралы келісім негізінде «Узавиация» агенттігі 2021 жыл 26 мамырда MNG Airlines әуе компаниясына жүк тасуға рұқсатнама берді.
Осы рұқсатқа сәйкес MNG Airlines Өзбекстанға Ыстамбұл - Науаи - Ыстамбұл бағыты бойынша тұрақты жүк рейстерін орындайды. Әуе компаниясы жүктерді Airbus 300-600, Airbus 330-200 және Airbus 330-300 ұшақтарында тасымалдайтыны айтылған.