French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мұнай-газ химиясы саласындағы перспективалық жобалардың тұсаукесері өтті
21:33 / 2020-11-25

25 қарашада Президент Шавкат Мирзияев мұнай-газ химиясы саласындағы перспективалы жобалардың жай-күйі туралы презентациямен танысты.

Таныстырылымда табиғи газды қайта өңдеу бойынша құны 9 млрд долларды құрайтын 52 жоба қарастырылған болып, оның 15-і бейорганикалық химияға, 23-і органикалық химия және 12-сі полимерлерге арналған. Тағы бір жобаға сәйкес, полимер бұйымдарының жаңа түрлері бойынша зерттеулер мен эксперименттер жүргізу, жобаларды өндіріске тікелей енгізу және білікті мамандарды даярлау үшін инновациялық орталық құрылады.

Барлық ұсынылған жобалардың нәтижесінде 4,1 млрд долларлық өнім өндірілуі, 1,1 млрд долларлық импорттың орнын толтырып, 1,45 млрд долларлық экспортты қамтамасыз етуі мүмкін.соның жалпысына шамамен 6500 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Мемлекет басшысы жобаларды уақтылы және сапалы жүзеге асыру үшін шетелдік серіктестер және инвесторлармен жұмысты жандандыру қажеттігін айтты.

Сондай-ақ жиында, шикізат базасын нығайту, шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету және ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша тапсырмалар беріліп, 2021 жылы газ-химия саласын дамытудың жаңа бағыттарын анықтау, жобаларды іске асыруды жеделдету жөнінде нақты міндеттер жүктелді.

Мемлекет басшысы электр энергетикасы желісінде шығындарды айтарлықтай азайту және саладағы үзілістерге жол бермеу, кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын арттыру мақсатында энергетика саласын цифрландыруды жеделдету міндетін қойды.