Мұнай бағасы соңғы төрт жылдағы ең жоғары шегіне көтерілді
АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылынан кейін биржадағы сауда алғаш рет ашылды.
Bloomberg мәліметіне сәйкес, Брент маркалы мұнайдың бағасы 13 пайызға өсіп, бір баррелі 82 долларға жетті. Сарапшылардың айтуынша, бұл Ресей–Украина соғысы басталғалы бергі, яғни соңғы төрт жыл ішіндегі ең жоғары өсім.
Кейіннен баға сәл төмендеп, 78,3 долларға түсті. Есептеулерге қарағанда, егер Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы тоқтатылса, баға 100 доллардан да асып кетуі мүмкін.
Сонымен қатар Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арақчи қауіпсіздік мәселелеріне байланысты кемелер аймақтан кетіп жатқанымен, елдің бұғазды жабу ниеті жоқ екенін мәлімдеді.