Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Михаэль Шумахердің Benetton B192 автокөлігі аукционға қойылады
12:54 / 2022-04-20

Формула-1 аңызы Михаэль Шумахердің Benetton B192 автокөлігі Францияда өтетін Tour Auto 2022 спорттық көлік жарысы қарсаңында аукционға қойылады.

Planetf1 басылымының дерегінше, Шумахер Benetton B192 автокөлігімен Формула-1 жарысында алғашқы толық маусымын өткізген. 

Автокөлік 1992 жылғы маусымның үш жарысына қатысқан және онымен Шумахер екі рет үшінші, бір рет төртінші орын алған.

Еске салар болсақ, 2013 жылы әлемнің жеті дүркін чемпионы тау шаңғысы курортында болған апат салдарынан бірнеше ай ес-түссіз жатты. Дәрігерлердің көмегімен ол 2018 жылдан бастап өз бетінше тыныстап, көңіл-күйін білдіре алатын халге жеткен. Осыдан кейін Шумахер ешқашан көпшілік алдына шыққан емес.