English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Mitsubishi Motors 2026 жылы Foxconn жасаған электромобильді сатуды бастайды
16:01 / 2025-05-07

Жапониялық Mitsubishi Motors компаниясы Foxconn Technology әзірлеген электромобильдерді 2026 жылдың екінші жартысынан бастап сатуға кірісуді жоспарлап отыр.

The Wall Street Journal таратқан хабарламаға сәйкес, Foxconn-ның еншілес құрылымы Foxtron Vehicle Technologies пен Mitsubishi Motors арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Құжатта көрсетілгендей, электромобиль Австралия мен Жаңа Зеландия нарығына арнап дайындалып, жеткізіледі.

Жаңа электрокарды Тайвандағы Yulon Motor шығарады. Бұл компания бұған дейін Nissan автокөліктерін де өндірген.

Сонымен қатар, Mitsubishi 2026 жылдың жазында Солтүстік Америкада да осы электромобильдің сатылымын бастайтынын хабарлады.

Айта кетейік, Foxconn (ресми атауы — Hon Hai Precision Industry Co.) — Apple компаниясы үшін iPhone құрастыратын әлемдегі ең ірі электроника өндіруші. Соңғы жылдары Foxconn өз қызмет аясын кеңейтіп, жасанды интеллект серверлері мен электромобильдер сияқты жаңа салаларға ден қоя бастады.