Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Миссисипи штатындағы торнадо салдарынан 23 адам қаза болды
10:22 / 2023-03-26

Наурыздың 25-і күні АҚШ-тың Миссисипи штатында орын алған жойқын дауыл жиырмадан астам адамның өмірін қиды.

SkyNews мәліметінше, торнадо салдарынан 23 адам қаза тапты. Ең үлкен қирау Миссисипи және Алабама штаттарында тіркелді: онда көптеген ғимараттар қирады, электр желілері зақымдалды.

БАҚ дерегінше, желдің жылдамдығы шамамен сағатына 113 шақырымға жеткен, торнадо жолының жалпы ұзындығы 160 шақырымнан асқан.

Төтенше жағдайлар қызметі оқиғаның салдарын жою жұмыстарын жүргізуде. Торнадо салдарынан бір ғана Миссисипи штатында 17 мыңға жуық үй жарықсыз қалған. 

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқаны айтылады хабарламада.