Мишель Платини футболға оралуы мүмкін
УЕФА-ның алдыңғы президенті француздық Мишель Платинидің футболдан шеттетулер мерзімі аяқталды.
УЕФА-ның алдыңғы президенті француздық Мишель Платини бүгін 8-ші қазанда өзіне қолданылған шеттетулер мерзімі аяқталды.
ФИФА-ның тәуелсіз этика комитеті оны коррупцияда айыптап, 2015 жылда 4 жылға футболдан шеттеткен болатын. Сол кезде ФИФА-ның бұрынғы президенті Йозеф Блаттер оған 2011 жылда 2 млн еуро көлемінде ақша жеткізіп бергендігі тесерулер нәтижесінде анықталған еді.
Содан кейін Мишель Платини 8 жыл мерзімге футбол әлемінен шеттетілген болатын, бірақ комиссияның шешімімен бұл мерзім 4 жылға қысқартылған.
Бүгін оның 4 жылдық шектеулер мерзімі аяқталды. «Алтын доптың» үш дүркін жеңімпазы, Франция құрамасындағы Еуропа чемпионы және «Ювентус» клубының аңызы, футболға қашан және қандай жағдайда оралатынын әзірге айтқан жоқ.