Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Минскіде Өзбекстан мен Беларусь сыртқы істер басшылары келіссөздер жүргізді
14:16 / 2024-04-12

2024 жыл 11 сәуірде Минск қаласына алғашқы ресми сапарымен келген Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Сергей Алейникпен шағын және кең құрамда келіссөздер жүргізді.

СІМ мәліметінше, Сыртқы істер министрлері екі ел басшыларының қол жеткізген келісімдерін жүзеге асыру барысын егжей-тегжейлі талқылап, Өзбекстан-Беларусь қарым-қатынасының барлық бағыттары бойынша пікір алмасты. 

«Мемлекетаралық қарым-қатынастар көптеген салаларда оң серпін көрсетіп жатқаны атап өтілді. Іскерлік топтар арасындағы байланысты нығайтып, экономикалық байланыстарды айтарлықтай кеңейтуге келісілді», делінген хабарламада.

Келіссөздер соңында Өзбекстан мен Беларусь сыртқы істер министрліктері арасында 2024-2025 жылдарға арналған консультациялар бағдарламасына қол қойылды.