Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Минск көшелерінде наразылық топтың бейбіт шерулері жалғасуда
16:47 / 2020-08-13

Беларуссия астанасындағы шеруге шыққан азаматтарды өтіп бара жатқан көліктегі адамдар айқайлап, қол соғып қолдау көрсеткен


Минскінің орталығындағы екі мыңға жуық наразылық білдірушілер Республика сарайы алды мен тәуелсіздік алаңына жиналған.

Олардың кейбіреулері сарайдың жанында қалған, ал екінші бөлігі даңғыл бойымен Тәуелсіздік алаңына қарай бет алған. Ол жерде Орталық Атқару Комитеті, үкімет үйі және парламенттің төменгі палатасы орналасқан.

«РИА Новости» таратқан хабарламада Беларуссия астанасындағы шеруге шыққан азаматтарды өтіп бара жатқан көліктегі адамдар айқайлап, қол соғып қолдау көрсеткен, оқиға орнында полицияның қарсылығы болмаған.

Рұқсат етілмеген жаппай наразылық акциясы бірнеше күн бойы тоқтамай тұр. шеруге шыққандарды тәртіп сақшылары мен қауіпсіздік күштері қатаң түрде басып тастауда. Оларға қарсы көзден жас ағызатын газ, су шашып, жарқыраушы гранаталар мен резеңке оқтар қолданылуда. 9-11 тамыз аралығында 6 мыңға жуық адам ұсталған.

Полиция, арнайы жасақ қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар арасыындағы қақтығыс кезінде жүздеген адам жарақат алып, Беларусь Ішкі істер министрлігі бір адамның қайтыс болғанын растады.

Бейсенбі күні түстен кейін Беларуссияның Орталық сайлау комиссиясы Минскідегі дауыс беру қорытындыларын шығарғанын хабарлады. Сайлаушылардың 64,49 пайызы республиканың қазіргі президенті Александр Лукашенкоға, 14,92% пайызы оның басты қарсыласы Светлана Тихановскаяға дауыс бергендігін мәлімдеді. Алайда Беларусь халқы бұл мәліметпен келіспейді және президенттің биліктен кетуін қалайды.