Министрліктер Жаңа Ташкент қаласына көшіріледі
Өзбекстанда республикалық деңгейдегі атқарушы органдар Жаңа Ташкент қаласына көшіріліп, олардың қазіргі ғимараттары сатылады. Осыған байланысты 3 ай ішінде ұсыныстар әзірленуі керек.
Мемлекет басшысының қаулысына сәйкес, сатудан түскен қаражат Жаңа Ташкентте әкімшілік ғимараттарын салуға жұмсалады.
Жаңа Ташкент қаласын салу жөніндегі үйлестіру кеңесіне (төрағасы – Премьер-Министр Абдулла Арипов) республиканың атқарушы билік органдарын Жаңа Ташкент қаласының аумағына көшіру, олардың әкімшілік ғимараттарын тиімді пайдалану және оларды сатудан түскен қаражатты осы аумақта әкімшілік ғимараттар салуға бағыттау туралы ұсыныс енгізу бойынша 3 ай мерзім белгіленген.