25 қазан күні «Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті туралы» Конституциялық заң қабылданды.
Оған сәйкес, Министрлер Кабинеті – атқарушы биліктің жоғарғы органы болып, ол экономика, әлеуметтік және рухани салалардың тиімді қызмет етуін басқаруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Конституция мен заңдардың, Олий Мажлис палаталарының қаулыларының, Президент жарлықтары мен қаулыларының орындалуын жүзеге асырады.
Министрлер Кабинеті Өзбекстандағы атқарушы билік жүйесінің бірыңғай жүйесін басқаратын алқалы орган ретінде жұмыс атқарады.
Министрлер Кабинеті өз қызметінде Олий Мажлис пен Президент алдында есеп береді.
Республиканың атқарушы билік органдарының біріңғай жүйесіне министрліктер, комитеттер, агенттіктер және инспекциялар кіреді.
Министрлер Кабинеті – Үкімет мүшелерінен, яғни Премьер-Министр, оның орынбасарлары және министрлерден тұрады. Қарақалпақстан Республикасы үкіметінің басшысы да осы лауазымына сай Министрлер Кабинетінің құрамына кіреді.
Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.