2020 жылы 16 желтоқсанда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің XV сессиясында «Миниатюралық өнер» ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұралардың репрезентативті тізіміне енгізілді.
Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Азиз Абдухакимов мәлімдеп:- Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың еліміздің мәдени мұрасын насихаттауға арналған нұсқауыбойынша, сондай-ақ ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықты дамытудың елдік бағдарламасын жүзеге асыруда көпұлтты «Миниатюралық өнер» элементі адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне енгізу үшін ұсынылды. Үміткерлер топтамасы Өзбекстанның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы Түркия, Әзірбайжан және Иранның осындай құрылымдарымен бірлесе отырып дайындады, - деді.
Комитетке «Миниатюра өнері» жайлы мәліметті ұсын кезде, Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы С.Ал-Бусадий бірлескен авторлық елдердің Делегациялар тізіміне енген барлық бес критерийлерге толық сәйкес келетін номинация пакетін дайындаудағы күш-жігерін жоғары бағалаған.
Бүгінге дейін ЮНЕСКО адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне «Шашмақом» (2008 ж.), «Бойсун ауданының мәдени кеңістігі» (2008 ж.), «Аския» (2014 ж.), «Палау мәдениеті мен дәстүрі» (2016 ж.) , «Наурыз» (2016), Хорезм «Лазги» биі (2019) және Маргилан қолөнерді дамыту орталығы - Әдрес және атлас тоқу өнері озық тәжірибелер тізіміне енгізілген (2017).