«Миллий тикланиш» партиясының жетекшісі дауыс берді
Қазіргі уақытта республиканың барлық өңірлерінде Олий Мажлис Заң шығару палатасы және жергілікті кеңестер депутаттарын сайлау үдерісі жалғасуда.
Әрбір сайлаушы маңызды саяси үдерісте қатысу арқылы тек өз конституциялық құқықтарын жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар болашақ үшін дауыс беруде.
«Миллий тикланиш» демократиялық партиясының жетекшісі, Олий Мажлис Заң шығару палатасы спикерінің орынбасары Алишер Қодиров та сайлауда қатысып, дауыс берді.
— Өзбекстанымыз қуатты, өміріміз жақсы болуы үшін өкілдер дұрыс таңдалуы және өкілдік органдары тиімді жұмыс істеуі тиіс. Осы мақсаттардың жүзеге асуы үшін дауыс бердім, — деді Алишер Қодиров.
Еске сала кетейік, елде өтіп жатқан кезекті сайлауда 19 миллион 944 мың 859 сайлаушы тіркелген. 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде азаматтар дауыс беруде.