«Миллион кімге бұйырады?» телешоуының жеңімпазы 14 жыл дегенде анықталды
«Миллион кімге бұйырады?» телешоу бағдарламасының британдық нұсқасында 14 жыл дегенде 1 миллион фунт стерлингты ұтқан жеңімпаз анықталды
«Миллион кімге бұйырады?» телешоу бағдарламасының британдық нұсқасында 14 жыл дегенде 1 миллион фунт стерлингты ұтқан жеңімпаз анықталды.
«The Sun» таратқан хабарда, бағдарламаға қатысушысы 15 сұрақтың бәріне мүдірмей жауап берген және 22 жылдық телешоу тарихының бар болғаны 6 жеңімпазы атанды. Бұл Джереми Кларксон кезіндегі алғашқы (2018 жылдан бастап) миллионер.
«Мен ешқашан «Сіз миллион фунт ұтып алдыңыз» деген мәңгілік сөзді айту маған нәсіп етпейтін шығар деп ойлаушы едім. Бұл біршама қобалжулы, бірақ керемет сәт», - деген ойындағы жеңіс сұрағына тура жауап берген қатысушыға телешоу жүргізушісі Кларксон.
Жеңімпаздың кім екендігі келесі айда эфирге шығатын ендігі шоуға дейін құпия сақталады. Жүргізуші Джереми Кларксон болса оған дейін шыдамы жетпей тұрғанын айтып, оның көзқарасы бойынша осы уақытқа дейінгі өткен бағдарламалардың «бұл ең үздік шоуы» болған.
Телешоудың алғашқы жеңімпазы мен миллионері 2000 жылы Джудит Кеппел болды. 2001 жылы физика пәнінің мұғалімі Дэвид Эдвардс бас жүлдеге ие болса, сол жылы Роберт Бриджес те миллионер атанды. Содан кейін миллионды бағындыру біршама қиындау болып: 2004 жылы - Пет Гибсон, ал 2006 жылы - Ингрем Уилкокс миллиондық шыңға шықты. Содан бері келесі миллионердің пайда болуы үшін 14 жыл қажет болды.