Миллиардер Айға қонақ үй салуды жоспарлауда
Ғарышқа алғашқы ұшуын жасаған миллиардер «Virgin Galactic» компаниясының негізін қалаушы Ричард Брэнсон Айдың бетінде қонақ үй салу жоспары туралы айтты.
Daily Mail басылымының хабарында, «Айға бір күндері мен өмір бойы армандаған қонақ үй саламын ба немесе бұл тірлікті балаларыма қалдырамын ба - көреміз. Бірақ бұл тағы бір арман, егер менде уақыт болса, мен бір күнді бұл жұмысты қуана орындаймын», деген Брэнсон.
Ол сондай-ақ оның компаниясы көптеген ғарыштық кемелер жасайтынын, осылайша Жер орбитасына бару құнын төмендететінін, қазір ол шамамен төрттен бір миллион долларды құрайтынын айтқан.
Сонымен қатар, оның жаңа ұшағы жоғары және ұзағырақ ұша алады, деп санайды миллиардер.
Еске салайық, 11 шілдеде бортында Брэнсон болған VSS Unity зымыран ұшағы алғашқы сынақтан өткен суборбитальдық ұшуды жасап, жерге сәтті оралды.