Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Миланда терроризмге қатысы бар деген күдікпен 19 жастағы итальяндық қыз ұсталды
14:31 / 2021-11-17

Италияның құқық қорғау органдары Миланда лаңкестік топқа қатысы бар деген күдікпен19 жастағы ел азаматын ұстады.

«Миландағы лаңкестікке қарсы операция барысында тегі Косоводан шыққан 19 жастағы итальяндық азамат қолға түсті. Ол лаңкестік мақсатты көздеген топқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды, делінген полицияның Twitter-дегі хабарламасында

ANSA агенттігінің хабарлауынша, тұтқынға алынған азаматша «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобын қолдаған. Ол қазір қамауда. Тергеу барысында ұсталған жанның күйеуі 2020 жылдың қарашасында Венада теракт ұйымдастырған лаңкестің туысы екені де анықталды, деп хабарлайды агенттік.