Әлеуметтік желіде тараған «Мигранттарға салық енгізілді», деген хабарға орай жауапты мекемелерден ресми түрде түсінік беріліп, ондағы айтылған хабарға сай керісінше, белгіленген жаңашылдық еңбек мигранттарын әлеуметтік қолдауға бағытталған және бұл олардың болашақта зейнетақы алуына кепіл болатыны көрсетілген.
Осы күндері әлеуметтік желілерде еңбек мигранттарын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамттармен теңестірілуі мен қатар салық төлеуі жөнінде хабарламалар пайда болды. Осы жағдайға байланысты Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары мен Әділет министрліктері, сондай-ақ Мемлекеттік салық комитеті ресми түсініктеме берді.
Хабарламаға орай еңбек мигранттары үшін жаңа салық енгізілді деген жаңалықтың шындыққа жанаспайтындығы айтылған. Керісінше, оларға мүмкіндіктер жасалуда. Атап айтқанда, мигранттар жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, табыс салығын төлеуден босатылады.
Егер олар еңбек өтілі мен болашақ зейнетақысын тіркейтін болса, ерікті түрде әлеуметтік салық төлей алады. Бұл төлемнің мөлшері 2020 жылға арналған БЕМ-нің кем дегенде 50% мөлшерінде белгіленген болып, ол қазіргі уақытта 111 500 сумды құрайды. Демек, мигранттар жылына 111 500 сум төлеп, болашақта зейнетке шығу құқығына ие болады.
Ең бастысы, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде тіркелу және әлеуметтік салықты төлеу міндетті емес, ол ерікті түрде көрсетілген.